Құқық қорғау органдарының академиясында облыс прокуратурасының басқарма басшысы, аудан (қала) прокуроры және облыс прокурорының орынбасары лауазымдарына кадрлық резервте тұрған прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары басталды.
Бұл тыңдаушылардың төртінші легі, сондай-ақ жыл басынан бері оқудан осы санаттың 70-тен астам қызметкері өтті.
Оқытудың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың басқарушы лауазымдарға тағайындалуы үшін қажетті кәсіби дағдылары мен басқарушылық құзыреттіліктерін жетілдіру.
«Прокурор қызметі тиімділігінің негізгі құзыреттіліктері», «Жаңа құқықтық жағдайларға прокурорлық қызметтің бейімделуі», «Қылмыстық процесті цифрлендіру» атты үш модульден тұратын арнайы бағдарлама әзірленді.
Практикаға бағытталуын қамтамасыз ету үшін оқу процесіне Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы тартылды.
Осылайша «Құқықтық мемлекеттегі конституциялық бақылау» тақырыбындағы дәріспен Конституциялық кеңестің мүшесі Иоган Меркель тыңдаушылар алдында сөз сөйледі.
Баяндамада Қазақстанда конституциялық бақылау институтын құру мәселелері, Конституциялық кеңестің функциялары мен міндеттері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық тәжірибенің ерекшеліктері айтылды.
Соңында дәріскерге оған «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрметті профессоры» атағын беру туралы диплом табысталды. Бұл шешім Ғылыми кеңестің отырысында Академияның ғылыми-білім беру қызметіне қосқан үлесін ескере отырып қабылданды.