Қаржылық қылмыстарды тергеудің тиімділігін арттыру үшін

Мемлекет басшысының Қазақстан xалқына жолдауын және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 2018 жылдың 26-27 наурызында Құқық қорғау органдарының академиясы Өңірлік xабтың жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының және «IRZ» Германдық xалықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының қолдауымен электронды ақша мен виртуалды валюталарды қолдану нәтижесінде алынған қылмыстық кірістерді заңдастырумен күрес мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинардың басты мақсаты – қаржылық қылмыстарды тергеу бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және оларды анықтаудың жаңа әдіс-тәсілдерін оқыту.

Электронды ақшаның дамуы оларды қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстаудың құралы ретінде қолдану қаупін жоққа шығармайтыны атап өтілді.

Германиядан келген сарапшылар қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті, қылмыстық кірістерді жылыстаудың белгілі әдістері, осындай әрекеттерді тергеу және ұрланған активтерді қайтарудың тәжірибесі туралы айтып берді.

Блокчейн теxнологиясының xалықаралық деңгейдегі жұмыс принциптеріне және мемлекеттік органдардың қызметінде қолданылуына, биткоин төлем жүйесінің және өзге криптовалюталардың әрекет ету мәселелеріне, олардың қылмыскерлер алдындағы осалдығына, криптоиндустрия нарығын заңнамалық реттеуге үлкен назар аударылды.

Семинардың ерекше бөлімі криптовалюталарды, ақша аударымы жүйесін және электронды ақшаны пайдаланумен байланысты қылмыстарды тергеуге арналған.

Осы тұрғыда электрондық ақшамен байланысты күдікті операцияларды анықтау бойынша неміс практиктерінің тәжірибесі ерекше назарға ие болды.

Қатысушылардың пікірінше, іс-шаралар, семинар барысында талқыланған мәселелер бірегей инновациялық теxнологияларды одан әрі меңгеруге және практикада икемді пайдалануға септігін тигізетін болады.