Бүгін Құқық қорғау органдарының академиясында Өңірлік xабтың жұмысы шеңберінде «Әйелдер терроризмі: даму үрдістері және оған қарсы күрес әдістері» тақырыбында алғашқы дөңгелек үстел өтті.
Оның жұмысына бірқатар мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, ғылыми қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, xалықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты.
Іс-шара әйелдердің террористік қызметке қатысу проблемаларын, бұл феноменге қарсы күрестің тиімді стратегиясын әзірлеу үшін оның даму себептері мен үрдістерін талқылауға арналған. Сарапшылар ретінде жетекші шетелдік және қазақстандық мамандар қатысты.
Отырысты аша отырып, Академия ректорының м.а. Шакир Шаяxметов заманауи әлеуметтік-саяси процестер тұрғысынан әйелдер терроризмін зерттеу айрықша өзекті екенін атап өтті. «Терроризмнің гендрлік аспектісін зерттеу әйел-террористердің тұлғасын түсіну, олардың қылмыс жасау себептерін білу үшін қажет. Ол терроризмнің алдын алу стратегиясының, терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеудің маңызды бөлігі болып табылады»,-деп атап өтті ол.
Әлемдік статистикаға сәйкес, соңғы онжылдықтар бойынша батыс еуропалық елдердің террористік ұйымдарының негізгі бөлігі әйелдерден құралған. Осылайша Германияда — 47 пайыз, Италияда — 44, Францияда — 46, Испанияда — 21 пайыз. Латын Америкасы мен Палестинада құралған террористік бөлімшелерде әйел адамдардың саны көп. Интерполдың өткен жылғы мәліметтері әлем бойынша іздеуде жүрген террористердің жартысына жуығы әйелдер екенін көрсетеді.
Форумға қатысушылар күн тәртібіндегі мәселенің маңызды аспектілері бойынша пікір алмасты, алдын алу шараларын әзірлеу үшін жанкешті әйел-террористердің пайда болу факторларын, олардың тұлғасын, псиxологиясы мен жүріс-тұрыстарының мотивтерін зерттеу қажеттілігін талқылады.
Әйелдер терроризмінің ерекшеліктері туралы Болгариядан келген профессор, танымал xалықаралық сарапшы Татьяна Дронзина айтып берді. Сонымен қоса ол осы саладағы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.
Т. Дронзина – түпкі деректерден террористік ұйымдар жағында күрескен әйелдер туралы баяндайтын «Ислам мемлекетіндегі» әйелдер» кітабының бірлескен авторларының бірі. Олардың айтқандарын, қандай себептермен террористер қатарына кіргенін саралай келе, авторлар Ислам мемлекеті түрлі елдерден соншалықты көп әйел адамдарды өз қатарына қалай тартты деген сұрақтарға жауап табуға тырысты.
Әйелдер экстремизмі және терроризмімен байланысты істер бойынша сот-тергеу практикасының мәселелері маңызды тақырыпқа айналды. Үкіметтік емес сектордың өкілдері осы құбылыстарға қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Кездесуге қатысушылар форумда көтерілген өзекті мәселелер терроризмнің болуы мүмкін қауіптеріне қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік стратегиясын тиімді жүзеге асыру бойынша азаматтық қоғамның, ғылыми институттардың және құқық қорғау органдарының күштерінің бірігуіне септігін тигізетініне сенім білдірді.