БАҚ үшін хабарландыру

Ағымдағы жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына және Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына арналған «Әскери арнаулы оқу орындарындағы жаңа гуманитарлық білім» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Форум қатысушылары — ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, шетелдік және отандық жетекші ғалымдар, ҮЕҰ өкілдері.

Іс-шараны ақпаратпен қамту үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Конференцияның өтетін орны: Ақмола облысы, Қосшы ауылы, Республика көшесі 16, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (Акт залы, 1-қабат).

Аккредиттеу мына электрондық мекенжайлар бойынша: 7171371@prokuror.kz және 7171435@prokuror.kz 2018 жылғы 5 сәуір сағ 21.00-ге дейін жүргізіледі.

Барлық сұрақтар бойынша 8-701-700-35-05 телефонына хабарласуға болады.