Оқу-әдістемелік бірлестіктің көшпелі отырысы

Құқық қорғау органдарының академиясы Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында Оқу-әдістемелік бірлестіктің көшпелі отырысын өткізді.

Оның жұмысына құқық қорғау органдарының, жоғары оқу орындарының, ведомстволық білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Жиналысқа қатысушылар ЖОО-ның оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастырудың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.

Оның ішінде бірлескен оқу, оқу-әдістемелік құралдарын, монографияларды шығару, «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестіктің құрылуының 10-жылдығына арналған» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізу, оқу процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізу, оқытуды латын қарпіне көшіру мәселелері қарастырылды.

Барлық талқыланған мәселелер бойынша келісілген шешімдер қабылданды.

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша базалық ЖОО екенін атап өткен жөн.

Бірлестіктің құрамына 11 республикалық ЖОО-лары (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазМЗУ, ІІМ-нің ЖОО-лары және т.б.), сонымен қатар құқық қорғау органдарының өкілдері (БП, ІІМ, ЭТҚ, СЖҚҰБ) кіреді.

Оның негізгі мақсаты білім берудің сапасын қамтамасыз ету және дамыту, сондай-ақ педагогикалық, ғылыми және академиялық жұмыскерлерді білім беру жоспарларын әзірлеуге қатыстыру мәселелерінде жоғары оқу орындарының қызметін үйлестіру.

http://www.kaznu.kz/kz