Академия магистранттарын шығарып салды

Бүгін Құқық қорғау органдарының академиясында магистратура бағдарламасы бойынша білім алған түлектерді марапаттау іс-шарасы өтті.

40 жас маман заң ғылымдарының магистрі дипломдарын алды. Оларды құттықтау үшін көптеген қонақтар – құқық қорғау органдарының басшылары, тәлімгерлері мен туыстары келді.

Бас Прокурордың орынбасары Андрей Лукин, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрағасы, оқытушылар мен ата-аналар түлектерге өздерінің ақ тілектерін айтты.

Жиналғандар алдында сөз сөйлей отырып, Андрей Лукин: «Бұл сіздер үшін ғана емес, Академия үшін және барлық құқық қорғау органдары үшін маңызды оқиға. Сіздер біздің оқу орнымыздың жаңашылдарысыздар, біз сіздерге үлкен үміт артып отырмыз»,- деп айтып өтті.

Жас әріптестеріне ақ тілектерін білдіре отырып, тәлімгерлер оларды заңгерлік салт-дәстүрлерді құрметпен жалғастыруға, қызметтік парызды адал орындауға, құқық қорғау жүйесінің беделін нығайтуға шақырды.

Жаңа заманның кәсіби мамандарын тәрбиелеу бойынша Мемлекет басшысы алға қойған стратегиялық міндеттерді орындау тұрғысынан ғылыми-білім беру мекемесі елеулі үлесін қосуда. Бұған магистранттардың екіжылдық оқуының нәтижелері дәлел.

Академия қабырғасында түлектер бай кәсіби білім мен дағдыларға ие болды. Оларды жаңа сапада толық қызмет етуге дайындаған түрлі курстар мен тренингтерден өтті. Академия құрылған күнінен бері барлығы 66 магистрантты шығарды. Оқу орнында замануи білім беру формалары мен әдістерінің барлық қажетті кешені бар. Зерттеу қызметін тиімді жүргізу үшін сенімді негіз қаланды. Жоғары кәсіби ғылыми-педагогикалық құрам қалыптастырылды.