Кубалық прокурорлар Құқық қорғау органдарының академиясында болды

Құқық қорғау органдарының Академиясына Куба Республикасы Бас прокуратурасының Ұйымдастыру және жоспарлау департаментінің Бас прокуроры бастаған Кубадан прокурорлар делегациясы келді.

Бағдарлама аясында олар Қазақстанның қадағалау органдарының жүйесімен, задылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қары күресті қамтамасыз ету, халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты нығайту, прокурорлық тәжірибеде ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі қызметтің негізгі бағыттарымен танысты.

Делегаттар Астана қаласының прокуратурасына барды, оларға «Е – қылмыстық іс», «Заңдылық» ақпараттық жүйелерінің жұмысы таныстырылды.

Сондай-ақ Бас прокуратураның ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды, мұнда қонақтар Call-орталықтың, Құқық қорғау қызметі орталығының жұмысымен танысты, мұражайға барып қайтты.

Құқық қорғау қызметтері орталығында азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойнша тәжірибе алмасу болды.

Қонақтар оларды жылы қабылдағаны үшін және еліміздің мамандырылған ЖОО-да оқудан өтуге, екі елдің қадағалау органдарының қалыптасу тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

Кубалық делегацияның келуі Қазақстан және Кубаның бас прокуратураларының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру шеңберінде алғашқы практикалық іс-шаралардың бірі болды.