Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы дағдарыс жағдайларында келіссөздер жүргізу дағдылары бойынша тренинг өткізді.
Тренинг Израиль Мемлекеті Елшілігі қызметкерлерінің қатысуымен Астана қаласының бір тұрғын үй кешенінде адамдарды кепілге алу түрінде ұйымдастырылды.
Оқыту барысында прокуратура қызметкерлері адамдарды кепілге алу кезінде адамдармен келіссөз жүргізудің нақты үлгісін көру мүмкіндігіне ие болды.
Осы бағытта озық тәжірибесі бар Израиль полициясының қызметкерлері-келіссөз жүргізушілері тренинг сарапшылары болды. Олар табысты келіссөз жүргізудің жинақталған тәжірибесі, әдісі және дағдарыс жағдайлары кезіндегі мінез-құлық тәсілдерімен бөлісті.
Сондай-ақ, тыңдаушылар рөлдік ойындарға қатыстырылды. Олар келіссөз жүргізушілер ретінде болып, келіссөз процесін жүргізудің қажетті дағдыларын алды.
Құқық қорғау органдары қызметінің практикасына адамдардың өмірін және денсаулығын, материалдық және басқа да құндылықтарды сақтау үшін қылмыстарды алдын-алу мақсатында келіссөздер орнықты енгізілгенін атап өткен жөн. Ал, келіссөздер қызметкерден тұрақты түрдегі тренингтер және оқытулармен қол жеткізілетін жоғары кәсібилікті талап етеді.
Дағдарысқа қарсы басқару мәселелері бойынша кәсібилікті арттыру үшін Құқық қорғау органдары академиясы базасында Қазақстандағы Израиль Мемлекеті Елшігінің және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары Кеңсесінің қолдауымен прокуратура қызметкерлеріне арналған бес күндік семинар-тренинг ұйымдастырылды.