Баспасөз ақпараты

Академияда магистранттар мен докторанттардың, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамның ҚазГЗУ университеті Қылмыстық-процессуалдық зерттеулер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ғылыми сараптама және талдау институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Шекішұлы Қоғамовпен кездесуі өтті.

Кездесу шеберлік сыныбы және қатысушылармен диалог түрінде өтті. Кездесудің негізгі мақсаты білім алушылардың өз диссертациялық зерттеулерінің бағыты мен тақырыбын таңдау мәселелерін, сондай-ақ диссертацияны жазу бойынша әдістемелік және практикалық ұсынымдарды талқылау болды.

Сонымен бірге іс-шарада құқық қолдану тәжірибесі мен құқық қорғау органдарының құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту шеңберіндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу нәтижесі бойынша осындай нысандағы бірлескен жұмысты жалғастыру, сондай-ақ Академияның білім алушыларына практикалық және әдістемелік көмек көрсету жөнінде келісімге қол жеткізілді.