Бүгін Еуропалық одақ ресми түрде Құқық қорғау органдары академиясына типографиялық құрал-жабдықтар мен лингвистикалық кабинетті табыстады.
Іс-шара Еуропалық одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болды.
Осы ынтымақтастық шеңберінде тыңдаушылар мен ғылыми-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруға бағытталған бірқатар бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылды.
Осылайша, «Киркпатрика» әдісін қолдана отырып, Академияның даму перспективаларына талдау жасалды, құқық қолдану практикасының, әрекеттегі заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша тренингтер, танысу және оқытуға арналған шетелдік сапарлар ұйымдастырылды.
Заманауи техниканы қолдану білім беру процесінің тиімділігін арттыратын болады. Лингвистикалық кабинеттерде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, бір уақытта бірнеше пәндер мен бағдарламаларды оқуға мүмкіндік бар, ал жоғарыжылдамдықты баспаханалық құрал-жабдықтар сапалы полиграфиялық өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыспен күрес саласында үздік халықаралық тәжірибеге негізделген білімді алатын болады.
Академия ректоры Ерғали Мерзадинов Еуропалық одақ пен Академия арасында орнаған серіктестікке ризашылық білдіріп, халықаралық ұйымның өкілдеріне оқу орның дамытудың стратегиялық міндеттерін іске асыруда қолдау мен көмек көрсеткені үшін алғысын жеткізді.