Маңызды процестік жаңашылдықтар талқыланды

Қылмыстық процесс саласында қадағалауды жүзеге асыратын аймақтық прокуратура қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары аяқталды. Оқуды Құқық қорғау органдарының академиясы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің негізінде ұйымдастырып отыр.

Оқу құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелерін қарастыруға арналды.
Тренинг барысында негізгі енгізілген жаңашылдықтар, жаңа қылмыстық-процестік институттардың ерекшеліктері, қылмыстық қудалау органдарының, прокуратура мен соттың өкілеттіктерін ажырату, сондай-ақ электронды форматтағы сотқа дейінгі тергеуді жүргізу мәслелері қарасытырлды.

Курс соңында қадағалау тәжірибесінің өзекті мәселелері талқыланған дөңгелек үстел отырысы өтті.