Құқық қорғау органдарының басшылары өз біліктілігін арттыруда

Академияда Президенттік резервте тұрған қызметкерлерді кәсіби қайта даярлаудың кезекті курстары басталды. Прокуратура, ішкі істер органдары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро және экономикалық тергеу қызметінің басшылары өз біліктілігін арттыратын болады.

Іс-шараны аша отырып Академия ректоры Ерғали Мерзадинов а.ж. 5 қазандағы Жолдауында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыруда жаңа формацияның басшыларын – көшбасшылар мен заманауи менеджерлерді дайындаудың маңызын атап өтті.

Оқыту ұжымды тиімді басқарудың кәсіби дағдыларын, аналитикалық қабілет пен коммуникативтік дағдыларды дамыту және жетілдіруге бағытталған.

Сондай-ақ курс тақырыбы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм мен экстремизмге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстарды ашуда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану сияқты өзекті мәселелерді қамтиды.

Осы және өзге сұрақтар бойынша тыңдаушылар алдында танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, жетекші ұлттық сарапшылар дәріс оқиды.