Экономикалық және қызметтік қылмыстар үшін жауапкершілікті ізгілендіру мәселелері бойынша ЖОО аралық семинар

Құқық қорғау огандарының академиясында экономикалық және қызметтік қылмыстар үшін жауапкершілікті ізгілендіру проблемаларына арналған жоғары оқу орындары арасында ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинар жұмысына қатысу үшін ғалымдар, ЖОО-ның магистранттары, докторанттары мен оқытушылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақырылды.

Кездесу барысында экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимылдың маңызды проблемалары, бизнес субъектілеріне қатысты, сондай-ақ қызметтік қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселелері талқыланды.

Бұл семинар өзекті ғылыми проблемаларды, заңнаманы жетілдіру мәселелерін, құқық қолдану практикасының негізгі міндеттерін шешуде жас ғалымдардың күшін біріктіруге арналған.

Семинар нәтижесі бойынша заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайына төнетін қауіптерді ескере отырып, экономикалық және қызметтік қылмыстар үшін қылмыстық заңнаманы одан әрі ырықтандыру мәселелері бойынша ұсыныстар жасалды.