Ғылыми-әдістемелік кеңестің қорытынды отырысы

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында құқық қолдану практикасын ғылыми-аналитикалық қамтамасыз ету, қылмыспен күресте ведомстволық ғылымның рөлін күшейту мәселелері талқыланды.

Оның құрамына құқық қорғау органдарының және мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғам және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері кіреді.

Отырыс барысында Академия осы жылы өткізген ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің нәтижелері талқыланды.

Өткізілген жұмыстың нәтижелерін талдай отырып, кеңес мүшелері нормашығармашылық, құқық қолдану және білім беру қызметінде ғылыми ізденістердің өзектілігін атап өтті. Академия жүзеге асырып отырған жобалар заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің көкейтесті проблемаларын шешудің тиімді әдістерін ұсынып отыр.

Жұмыс нәтижелері бойынша авторлық ұжымдар авторлық құқық объектісіне құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, енгізу актілерін алды. Бұдан бөлек, қылмыстық-процестік және қылмыстық заңнамаға түзетулер әзірленді, бірқатар ұсыныстар Жоғарғы соттың соттардың экологиялық қылмыстар бойынша заңнаманы қолдануы туралы нормативтік қаулысына енгізілді.

Талқылау нәтижесінде ғылыми-талдамалық ізденістерді жалғастыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру ұсынылды. Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесінің алдында қойған міндеттерді жүзеге асыру тұрғысынан бірыңғай ғылыми саясатты әзірлеу құқық қорғау қызметінің тиімділігн арттырудың маңызды шарты болып табылады.