Академияда өтіп жатқан біліктілікті арттыру курстары аясында прокуратура қызметкерлері үшін сот процестері бойынша симуляциялық тренинг өтті, оны Астана қаласының судьясы Д. Кисикова жүргізді.
Оған Академия қызметкерлері мен тыңдаушылары, сондай-ақ Жоғарғы cот жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары қатысты.
Тренинг барысында адам өлтіру, есірткі заттарын сату және жалған cөз тасу туралы нақты сот істері бейнеленді.
Мемлекеттік айыптауды қолдау шеңберінде прокурорлар басты сот талқылауының ашылуынан бастап үкім шығарылғанға дейін сот процесінің барлық сатыларында өздерінің кәсіби білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, сот отырысына дайындық, сот тергеуіне қатысу, айыптау сөзін дұрыс жазу, сот актілерін зерделеу дағдыларын жетілдірді.
Судья прокурорлардың жұмысын бағалап, жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді айтып, оларды жою жөнінде ұсыныстар берді.
Тренинг қызметкерлердің біліктілігін арттыру барысында осындай жаттығуларды өткізудің қажеттілігі мен артықшылығын көрсетті. Қатысушылардың жалпы пікірі бойынша оқытудың инновациялық форматы тиімді кәсіби шешімдер табу дағдысын дамытады, сот және қадағалау органдарының өзара әрекеттесуі барысында туындайтын проблемалық мәселелерді анықтауға және шешуге мүмкіндік береді.