Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура қызметкерлері үшін дағдарыстық жағдайларда келіссөздер жүргізу бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
Іс-шараға Бас, әскери, көлік прокуратураларының қызметкерлері, Астана қаласының прокурорлары, сондай-ақ Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Дәріскерлер ретінде К. Аденауэр атындағы халықаралық құқықтық қор өкілдігінің басшысы Томас Хельм, сондай-ақ профайлинг және нейролингвистикалық бағдарламалау бойынша танымал қазақстандық сарапшылар шақырылды.
Мамандар тыңдаушыларды қазіргі дағдарыстық коммуникациялардың даму үрдістерімен, дағдарыстық жағдайлар кезінде келіссөздер жүргізу тактикасымен және тәсілдерімен таныстырды, төтенше жағдайларда жұмыс істеу дағдыларына үйретті. Ерекше жағдайлар туындаған кезде БАҚ-қа ақпарат беру ережелерін түсіндірді.
Алдауды анықтау технологиясын игеру және қарапайым адамдар арасында қылмыскерді анықтауға мүмкіндік беретін қылмыстық профайлинг құру мәселелері ерекше қарастырылды.
Алған білімдерін бекіту мақсатында оқыту нақты міндеттер мен түрлі даулы жағдайларды талдау, тренинг және практикалық сабақтар форматында өтті.
Кездесуге қатысушылардың пікірінше, оқу бағдарламасының мазмұндылығы, оның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің табысты келіссөздер процесін жүргізу дағдыларын дамытуға бағытталуы әртүрлі төтенше жағдайларда тез және дұрыс шешімдер қабылдауында үлкен практикалық пайда әкеледі.