Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сараптама тобының отырысы

7-8 ақпанда есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сараптамалық топтың отырысы өтті.

Топ құрамына Академия қызметкерлері, ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, қаржы мониторингі комитеті, Экономикалық тергеу қызметі, сондай-ақ ОАӨАҮО, АҚШ Елшілігі, ЕҚЫҰ және QIWI Қазақстан өкілдері кірді.

Кездесу аясында Қазақстанның құқық қорғау және мемлекеттік органдарының қызметкерлері үшін есірткі қылмыстарынан түскен кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша симуляциялық тренингтің сценарийі жасалды.

Жоспарға сәйкес әр түрлі санаттағы білім алушылардың іс-қимыл алгоритмі жазылып, есірткі қылмыстарының сюжеті талқыланды, дәлелдік база анықталды, материалды бекіту үшін тапсырмалар әзірленді.

Тренинг мамандардың осы қылмыс түрін анықтау, жолын кесу және тергеу бойынша практикалық дағдыларын дамыту мақсатында, ОАӨАҮО, АҚШ Елшілігінің және ЕҚЫҰ қатысуымен ұйымдастырылды.

Кездесуге қатысушылар мамандардың біліктілігін арттыру, есірткі қылмысына қарсы күрестің құралдары мен әдістерін жетілдіру үшін оқыту іс-шараларының маңыздылығын, заңсыз есірткі трафигіне қарсы іс-қимыл бойынша күш-жігерді біріктіру қажеттігін атап өтті.