18 ақпанда Академияда Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро қызметкерлері үшін болжау және аналитикалық жұмыста заманауи ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалану саласында біліктілікті арттыру курстары басталды.
Оқытудың басты мақсаты – жоғары білікті кадрлық құрамды қалыптастыру, аналитикалық барлауда қажетті арнайы танымдар мен дағдыларды игеру.
Тыңдаушылар кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге, ғаламдық Интернет желісінде ақпаратты жинау және талдау саласында білім алуға бағытталған.
Мамандардың ақпараттық-талдау жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге жаңа тәсілдерге дағдылануы жұмысты тиімді жоспарлауға, құқық бұзушылықтарға және олардың алдын алуға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Оқыту 22 ақпанға дейін жалғасады, соңында тыңдаушыларға тиісті сертификаттар беріледі.