Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша криминологиялық форум

22 ақпан 2019 жыл. Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасын талқылауға арналған Криминологиялық форумның кезекті отырысы болып өтті.

Оның жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Конституциялық Кеңестің, Премьер-Министр Кеңсесінің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, БАҚ өкілдері, адвокаттар, ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Шетелдік сарапшылар ретінде Ресей Федерациясы, Украина және Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының өкілдері шақырылды.

Сөз сөйлегендермен аталғандай, заң жобасы қылмыстық заңды жетілдіру және қылмыстық процесті жаңғырту бойынша пәрменді заңнамалық және практикалық шараларды қарастырады.

Өткен пікірталастар аясында теріс қылыққа және онша ауыр емес қылмысқа оқталғаны үшін жауапкершілікті белгілеу; бірқатар қылмыстық теріс қылықтарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске ауыстыру; жаңа қасақана құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда қайта татуласуға тыйым салу сияқты маңызды жаңалықтар бойынша пікір және тәжірибе алмасу болды.

Сондай-ақ, қатысушылар болып табылмайтын тұлғалардың мүлкін тәркілеу институтын жетілдіру; жасырын тергеу әрекеттері мәселелерін қосымша регламенттеу; браконьерлікке жауапкершілікті күшейту мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша қылмыстық заңнаманы, сотқа дейінгі процесті жетілдіруге және құқық қорғау стандарттарын нығайтуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.