Академиядағы мерекелік КТК

Праздничный КВН в Академии

Академияда арнайы алғашқы оқыту курстары тыңдаушыларының командалары арасында КТК сайысы өтті. Ойын Халықаралық әйелдер күніне арналған және «Қыздар – қызыл қызғалдақтар» ұранымен өтті.

Шығармашылық байқауға 60-тан астам тыңдаушы қатысты, олар өздерінің тапқырлықтары мен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті.

Бірнеше байқауларда жас прокурорлар көрермендерді өздерінің вокалдық қабілеттері мен сахнада өзін-өзі ұстай білулерімен таң қалдырды. Командалардың әзілдері мен әртістіктері алдағы мереке ахулын құрды.

Академияның оқытушы-әйелдерінен құралған қазылар алқасы қатысушыларының шеберлігін бағалады. Әзілдер, музыкалық нөмірлер және үй дайындамалары ешкімді бей-жай қалдырмады.

Алғашқы оқыту курстарының тыңдаушылары қатарынан осындай КТК жақсы дәстүрге айналды. Олар оқу соңында өткізіледі және жас қызметкерлер арасында командалық білім берудің соңғы кезеңі болып табылады.