Құқық қорғау органдары академиясында аймақтық прокуратура басшыларының көшбасшылық құзіреттілігін және тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған оқу курсы аяқталды.
Келіссөздер процесінің дағдыларына оқыту Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды және әлеуетті наразылық топтарымен жұмысты жетілдіруге, басқарудың қазіргі заманғы технологияларын және шешендік шеберлікті игеруге бағытталған. Сарапшылар ретінде профайлинг және психология саласындағы жетекші мамандар тартылды. Сабақ интерактивті форматта өтті, практикалық дағдылар мен іскерлікті дамытуға көңіл бөлінді.
Оқу қорытындысы құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін қарау арқылы дөңгелек үстелде шығарылды.