Наурыз мейрамына арналған салтанатты шара

Академияда Наурыз мейрамын тойлауға арналған салтанатты шара өтті.

Мерекеге Академия қызметкерлері мен тыңдаушылары, сонымен қатар олардың туыстары жиналды.

Академия ректоры ұжымды мерекемен құттықтай отырып Наурыздың  қоғамдағы татулық пен өзара түсіністікті орнатуда жоғары қызмет атқаратынын атап өтті. Бұл мереке уақыттар байланысының, ұлттық дәстүрлер сабақтастығының, жастардың бойына елінің тарихына деген құрмет пен патриотизмді қалыптастырудың символы болғанын айтты.

Мереке құрметіне Академия аумағында бес киіз үйден тұратын этноауыл құрылып, қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлер, театрландырылған қойылымдар, айтыс, халық әндері мен билері көрсетілді.

Онымен қоса спорттық байқаулар да өтті.

Жеңімпаздарға және белсенді қатысқандарға естелік сыйлықтар, мадақтамалар мен алғыс хаттар табысталды.

Академия басшысы мерекені қорытындылай отырып қызметкерлерге кәсіби жетістіктер, бақыт, денсаулық тілеп, жылы лебізін білдірді.