Интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер туралы семинар

Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен  ұйымдастырылған прокуратура қызметкерлеріне арналған  «Интернеттегі киберқауіпсіздік» атты семинар өтті.

Іс-шараны кәсіби деңгейді арттыру институтының директоры Магомед Ақаев ашты. Өсіп келе жатқан киберқауіпсіздік жағдайында семинар тақырыбының өзектілігін атап өтті, ол: «Технологиялардың жылдам дамуы әр түрлі қылмыстар үшін қуатты құрал болған ақпараттық ортаны бақылаудың жаңа тетіктерін талап етеді. Сондықтан құқық қорғау органдарының міндеті- бір қадам алда болу: тергеудің жаңа әдістерін үнемі зерделеу, басқа елдердің әріптестерімен ынтымақтасып, үздік халықаралық тәжірибені қолдану»екенін баса көрсетті.

Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Томас Хельм киберқылмыспен күресте күш-жігерді шоғырландыру,  қылмыстарды тергеуді  жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Тренинг барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, жоғары технологиялар саласындағы қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Озық халықаралық тәжірибені зерделеуге және алуға ерекше назар аударылды. Германиядан келген сарапшы Энн Катрин Ридель компьютерлік қылмыстарды анықтау және тергеу тәжірибесімен бөлісті.

Тыңдаушылар жаңа прогрессивті тәжірибелерді, интернет арқылы қылмыстарды анықтау мен жолын кесудің пәрменді тәсілдері мен әдістерін игерді.