Болашақ басшылардың біліктілігін арттыру курстары

Академияда облыс және қала-аудан прокурорларының орынбасарлары қызметіне резервте тұрған прокуратура қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары басталды.

«Құқық қорғау органдары қызметіндегі заманауи әдістер» тақырыбында арнайы әзірленген оқу бағдарламасының алғашқы тренингі.

Оқу процесінің тақырыптық бағыты Президенттік резервті дайындау тәжірибесін есепке ала отырып анықталған.

Екі апталық білім беру процесі болашақ басшылық жұмысқа қажет кәсіби және басқару дағдыларын жетілдіру, қаржылық сауаттылықты және құқық қорғау органдарындағы ақпараттық жүйелерді меңгеруге бағытталған.