Бүгін Құқық қорғау органдары академиясы мен Нұр-сұлтан қалалық Нотариаттық палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қол жеткізілген уағдаластықтың мақсаты — білім беру прцесі шеңберінде өзара іс-қимылды нығайту және дамыту, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу және ақпарат алмасу.
Келісімнің негізгі ережелері елордалық нотариустардың біліктілігін арттыру, нотариаттық істің теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша бірлескен зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру саласындағы бірлескен мүдделер мен іс-шараларды қамтиды.
Меморандум жасаудың маңыздылығын атап өтіп, тараптар өзара тиімді ынтымақтастық пен әріптестік қарым-қатынастарды тереңдетуге салмақты серпін беретініне сенім білдірді.