Салық заңнамасының өзекті сұрақтары талқыланды

Нұр-Сұлтанда салық заңнамасының сұрақтары бойынша салық және инвестициялар бойынша Халықаралық орталығының Құқық қорғау органдары академиясымен бірге ұйымдастырған дөңгелек үстелі өтті.

Форум жұмысында Бас прокуратураның, Жоғарғы соттың, қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Алматы адвокаттар коллегиясының, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Кездесу кезінде салық заңнамасын декриминализациялау бойынша өзекті сұрақтар талқыланды, фискальді құқықты қолданудағы халықаралық тәжірибеге өту туралы ұсыныстар әзірленді.

Австралияның салық салу министрлігінің өкілі Уэйн Барфорд шетел сарапшысы ретінде сөз сөйлеп, салық заңнамасын қамтамасыз ету саласындағы өзінің және Австралия салық жүйесінің тәжірибесімен бөлісті.