Академия мен және Республикалық нотариаттық палата арасында ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Республикалық нотариаттық палата арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Өзара іс-қимылдың басты бағыттары нотариустардың біліктілігін арттыру саласында іс-шаралар өткізу, сондай-ақ нотариаттық істің өзекті мәселелері бойынша бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру болып табылады.

Алдағы ынтымақтастықтың маңыздылығын айта келе, тараптар Академияның Ғылыми-білім беру әлеуетін пайдалану нотариаттық практиканы жетілдіру мақсатында тиімді ынтымақтастықты орнатудың маңызды негізі болатынын атап өтті.