Герман үлгісі бойынша тергеу жұмысының дағдыларын үйрету

Құқық қорғау органдары академиясы мен IRZ Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры бірлесіп ұйымдастырған Герман моделі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын оқыту бойынша тренинг өткізілді.

Семинар тыңдаушылары Бас прокуратура мен Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар болды.

Спикерлер ретінде неміс сарапшылары сөз сөйледі, олар Германиядағы қылмыстық сот ісін жүргізудің даму үрдістері, полиция мен прокуратураның өзара іс-қимыл ерекшеліктері туралы айтып, тергеу әрекеттерін жүргізу тәжірибесімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар тергеу әрекеттерін жүргізу, оларды санкциялау, бұлтартпау шараларын таңдау мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сондай-ақ, сарапшылар екі елдің Қылмыстық процесін салыстырды, Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жаңғырту бойынша Қазақстанның жетістіктерін атап өтті.