Адам саудасының әр түрлі нысандарына жәрдемдесетін ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың рөлі

2019 жылғы 18-19 сәуірде Атырау қаласында Құқық қорғау органдары академиясы жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хабтың жұмысы шеңберінде адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша тренинг өткізді.

Аталған тренинг көшпелі оқыту іс-шараларының топтамасында екінші болып табылады және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасындағы адам саудасының жаңа нысандары мен әдістерін тануға үйретуге бағытталған.

Іс-шараға Атырау облысының прокуратурасы мен полициясының 20 қызметкері қатысады.

Жаттықтырушылар ретінде Академияның Халықаралық оқыту кафедрасының доценті, з.ғ.к. Ж. Сейтаева, ҚР ІІМ Қарағанды Академиясының бірінші орынбасарының м.а. Б. Бейсенова, з.ғ.к.. Ж.Кенбаев және «Родник» ҚҚ директоры, Алматы қаласындағы Адам саудасының құрбандарына арналған пананың директоры Н.Балабаева қатысты.

Қатысушылар адам саудасына байланысты қылмыстық істерді тергеу кезінде дәлелдеу мәселелерін, адам саудасынан зардап шеккендерді сәйкестендіру мәселелерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, адам саудасының әр қилы түрлерінің көріністерінің мысалдары мен кейстерін талқылады.