Ашық есік күні

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау қызметі орталығында Құқық қорғау органдары академиясының ұйымдастыруымен Ашық есік күні өтті. Акцияға 80-нен астам нотариустар, адвокаттар мен заңгерлер қатысты.

Шараны Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Шәкір Шаяхметов ашып, адвокаттар мен заңгерлерге арналған біліктілікті арттыру бағдарламасымен таныстырды.

Акция шеңберінде белгілі ғалымдар, жаттықтырушылар мен коучтердің шеберлік сабақтары өтті. Мәселен заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Қоғамов «Заңгерлік тәжірибедегі трендтер» тақырыбында сөз сөйлесе, Virtual Learnung проектінің басшысы Басангов қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктері туралы түсіндірді. Академия серіктесі – «Самрұқ-Қазына» Корпоротивтік университетінің даму жөніндегі директоры Владимир Шиков өзгерістерді басқару тәжірибесімен бөлісті.

Стресспен жұмыс жөніндегі сарапшы Ержан Нұршановтың «Жұмыс орнындағы антистресс» кіші тренингі көпшіліктің қызығушылығын оятты.

Іс-шараға қатысушылар Академиямен алдағы уақытта ынтымақтастықта болуға мүдделі екендігін білдірді.