АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілімен кездесу

Құқық қорғау органдары академиясында Академия ректорының міндетін атқарушы Маралбек Ешімовтың АҚШ Мемлекеттік департаментінің Есірткімен халықаралық күрес және заңдылықты сақтау жөніндегі кеңсесінің (INL) директоры Эрин Сойермен кездесуі болып өтті.

Эрин Сойер Еуразиялық өңірде жүзеге асырылатын есірткінің заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша INL бағдарламаларын басқарады.

М. Ешимов қалыптасқан екіжақты ынтымақтастыққа және Америка тарапының Академия қызметіне деген қызығушылығына қанағаттануын білдірді. Қазақстандағы АҚШ елшілігі жоғары оқу орнының маңызды серіктесі болып табылатынын, онымен тығыз қарым-қатынаста жемісті жұмыс жүргізілуде екенін атап өтті.

Өз кезегінде Э. Сойер бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруда өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында сындарлы әңгіме және одан әрі ынтымақтастық перспективалары жөнінде пікір алмасу болды.

Атап айтқанда, тараптар ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қаржы қылмыстарына, есірткі қылмыстарына, адам саудасына, терроризмге қарсы іс-қимыл, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде күш-жігерді біріктірудің ерекше өзектілігін атап өтті.

Бірлескен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі ретінде Қазақстанның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, трансұлттық қылмысқа қарсы күрестің өзекті проблемалары бойынша оқыту сапарлары мен тренингтерін ұйымдастыру шеңберінде өзара іс-қимыл белгіленді.

Сондай-ақ, Өңірлік Хаб базасында киберқылмыспен күрес орталығын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар әріптестік қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мен нығайтуға жоғары қызығушылық білдірді.