БАҚ үшін Анонс

2019 жылдың 29 мамырында сағат 10.00-де «Қоғамдық қауіптілік деңгейіне және басқа да критерийлерге негізделген қылмыстар, қылмыстық теріс қылық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мен ара жігін ажырату бойынша ғылыми-құқықтық тәсілдерді әзірлеу мәселелері» тақырыбында Криминологиялық форум форум өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы.

Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың өкілдері, ғалымдар, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері, адвокаттар шақырылды.

Криминализация және құқық бұзушылықтарды декриминализациялау үшін қылмыстық саясатты жетілдірудің перспективалық бағыттарын талқылау жоспарланып отыр.

Қатысуға тілек білдіруші журналисттерді 2019 жылғы мамырдың  28-і сағат 8.00-ге дейін 8 702 482 05 95 телефоны немесе 7171229@prokuror.kz электронды мекен-жайы бойынша аккредиттеуден өтуге шақырылады.

Аккредиттелген БАҚ өкілдерінің келуін а.ж. 29 мамырында сағат 9.30-дан кешікпей келуін қамтамасыз етуді сұраймыз.

Өтетін орны: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16.