2019 жылғы 31 мамырда сағат 10:00-де «Экологиялық қауіпсіздік елдің тұрақты дамуының кепілі ретінде» welcome конференциясы өтеді.
Іс-шараны ұйымдастырушы – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы.
Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, құқық қорғау және мемлекеттік сектордың қызметкерлері, қоғамдық және халықаралық ұйымдар, ірі энергия және жер қойнауын өндіруші компаниялар, Қазақстанның және шетелдердің көрнекті ғалымдары шақырылды.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылау, осы бағыттағы барлық субъектілердің әрі қарай ынтымақтастығының перспективаларын талқылау жоспарланып отыр.
Қатысуға ниет білдірген журналисттерді 2019 жылғы 30 мамырда сағат 18.00-ге дейін 87024820595 телефоны немесе e-mail: 7171229@prokuror.kz арқылы акредиттеуден өтуді сұраймын.
БАҚ-тың аккредиттелген өкілдерінің келуін а. ж. 31 мамыр сағат 9.30-дан кешіктірмей қамтамасыз етуді сұраймыз.
Өтетін орны: Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі 55, ЭКСПО аумағы, 1.4 ғимараты.