Экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін ЕХРО көрме орталығында «Экологиялық қауіпсіздік елдің тұрақты дамуының кепілі ретінде» атты welcome-конференциясы өтті.

Іс-шараны Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығымен бірлесе отырып ұйымдастырылды.

Іс-шараға Парламент депутаттары, құқық қорғау және мемлекеттік сектордың қызметкерлері, қоғамдық және халықаралық ұйымдар, ірі энергия және жер қойнауын өндіруші компаниялар, Қазақстан мен шетелдердің жетекші ғалымдары қатысты.

Қатысуышылар экологиялық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын талқылады, қоршаған ортаның сапасын жақсартудың жолдары, экологиялық мәдениетті жоғарылату және адамның табиғатпен бірегей болуы туралы пікір алмасты.

Қатысушылар атап өткендей, өмір сүрудің қолайлы қоршаған ортасын сақтау, адамдардың денсаулығын қорғау, табиғат ресурстарын сақтау және рационалды пайдалану барлық бөлімшелердің негізгі мақсаты.
Үкіметтік емес сектордың өкілдері осы саладағы тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ экологиялық теңгерімді сақтау үшін құқық қорғау және мемлекеттік органдармен ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.

Сол жерде құқық қорғау органдары академиясы мен экологиялық ұйымдар қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюымаңызды процестердің бірі болды.

Келісім экологиялық білім беруді жоғарылату, ортақ ғылыми-зерттеу жобаларды және практикалық ұсынымдарды әзірлеуді қарастырады.

Аталған бағыттардағы күштерді шоғырландырудың орталығы Академияның жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұру бойынша Өңірлік хаб болады.