Академия өз түлектерін шығарып салуда

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында магистранттардың үшінші шығарылымына арналған дипломдарды табыстау салтанатты іс-шарасы өтті.

Мерекелік іс-шараны Академия ректоры Ерғали Мерзадинов ашты.

ЖОО-ның басшысы біздің түлектердің біліміндегі жоғары көрсеткіштерді заңдылық деп атап өтті. Өйткені магистратура мен докторантураға оқуға, тек қана белгілі бір практикалық тәжірибесі бар қызметкерлер ғана емес, өздерін жұмыста жақсы жағынан көрсеткендер де түседі.

Құқық қорғау органдарының болашағы – заманауи ойлайтын, өз ісіне адал, қойған мақсаттарына жетуге ұмтылатын, жоғары кәсіби және жеке потенциалдары бар мамандар. Сондықтан Академия өзінің алдына құқық қорғау корпусының лайықты қызметкерлерін дайындау, заңи білім берудің мойындалған орталығына айналу мақсатын қойып отыр.

Бұған магистранттардың білім алуының нәтижелері.

Академияның қабырғасында бітірушілер бай кәсіби қорды, маңызды білім мен дағдыларды игерді. Оларды толыққанды жұмысқа дайындаған әртүрлі курстар мен тренингтерден өтті.

Түлектерге жылы лебіздерін Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы, оқытушылар мен ата-аналар білдірді. Оқытушылары оларды заң дәстүрін жалғастыруда лайықты азамат болуға, өздерінің қызметтің парызын адал орындауға, құқық қорғау жүйесінің беделін күнделікті еңбектері арқылы нығайтуға шақырды.

Түлектер заң ғылымдарының магистрі дипломын алды. Олардың әрқайсысы өзінің болашағы мен кәсіби тұрақтануы үшін маңызды, әрі жауапты қадам жасады.

Магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ мерекенің қонақтары ұйымдастырған концертпен іс-шара аяқталды.