Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында адам саудасына қарсы күрес бойынша екінші халықаралық симуляциялық тренинг басталды.
Оқу іс-шарасы ЕҚЫҰ Хатшылығының қолдауымен, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламасының кеңсесімен, АҚШ Елшілігімен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссары басқармасымен ұйымдастырылды.
Оған ЕҚЫҰ-ның 17 қатысушы мемлекеттерінен прокуратураның, құқық қорғау органдарының, еңбек инспекциясының, ҮЕҰ, иммиграция, шекаралық және әлеуметтік қызметтердің 70-тен астам мамандары кіреді.
Ашылу салтанатына мемлекеттік органдардың, ЕҚЫҰ, Италия мен Ресей дипломатиялық миссияларының өкілдері, Беларусь Республикасының, АҚШ-тың, Тәжікстанның елшілері, БҰҰ-ның елдік кеңселері қатысты.
Академия ректоры Ерғали Мерзадинов жаттығу іс-шарасының заманауи әлемнің қауіп-қатерлеріне қарсы тұруды күшейту контексінде өзектілігін атап өтті.
«Қазақстан аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Адам саудасы енді трансшекаралық сипатқа айналды және қоғамдық қауіптің жоғары дәрежесіндегі проблемалардың бірі болып табылады. Мұндай фактілерге қарсы іс-қимыл жасау үшін, біздің елдеріміздің уәкілетті органдарының тығыз ынтымақтастығы мен жүйелі жұмысы, қылмыстарды анықтаудың тиімді тетіктерін жасау қажет.
Меніңше, нақты мәселелерге бірдей дайындық, бар проблемаларды шешудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу бұл қылмыстың алдын алу және анықтау жұмыстарының тиімділігін арттыруға көмектеседі », — деп атап өтті төраға.
«Бұл жаттығуды жыл бойы екінші рет өткізу фактісі ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің адам саудасына қарсы әрекет ету және серіктестік рухында адам саудасына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысына мүдделі екенін көрсетеді», — деді ЕҚЫҰ арнайы өкілі және адам саудасымен күрес жөніндегі үйлестіруші Валиант Ричи.
Инновациялық оқытудың бірегейлігі — кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен нақты жағдайларға барынша жақын жағдай туғызу үшін адам саудасына қарсы іс-қимыл жасауды модельдеуді көздейді.
Адам саудасының нақты жағдайларын мысалға келтіре отырып, студенттер қылмыс құрбандарын анықтауға, құрбандарына көмек көрсетуге, адамдардың заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтауға және тергеу жүргізуге үйренеді.
Іс-шара 28-маусымға дейін жалғасады.