Адам саудасына қарсы күрес бойынша симуляциялық тренинг аяқталды

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында адам саудасына қарсы күрес бойынша халықаралық симуляциялық тренингтің жабылу салтанаты өтті.

Іс-шара ЕҚЫҰ Хатшылығының қолдауымен, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламасының кеңсесімен, АҚШ Елшілігімен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссары басқармасымен қолдауымен өтті.

Оның жұмысына ЕҚЫҰ-ның 17 қатысушы-мемлекеттерінен құқық қорғау органдарының, еңбек инспекциясының, ҮЕҰ, иммиграция, шекаралық және әлеуметтік қызметтердің мамандары кіреді.

Апта бойы қатысушылар берілген сценарийлер аясында адам саудасы фактілері бойынша дабылдарға әрекетр ету бойынша практикалық дағдыларын пысықтады.

Алға қойылған міндеттер қылмыстан жәбірленушіні сәйкестендіру және табумен байланысты, оларға қажет әлеуметтік көмек көрсету, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ процессуалдық құжаттар мен қылмыстық істі сотқа жолдау сияқты іс-әрекеттердің жиынтығын құрады.

Жұмыстың нәтижелері бойынша тәжірибелі сарапшылар мамандардың жұмысына талдау жасап, кәсіби білімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты.

Тренингке қатысушылар оқу іс-шарасын ұйымдастыруға, оқыту форматының жоғары тиімділігіне, алынған практикалық білімдердің маңыздылығына, сондай-ақ тренерлер мен мамандардың кәсібилігіне ризашылығын білдірді.

  1. https://bnews.kz/news/dvukh_devushek_-vyzvolili-_iz_seksualnogo_rabstva_v_stolitse/;
  2. https://1tv.kz/glavnyie-novosti/;
  3. https://www.youtube.com/watch?v=X_h6sB2v_tU&list=PLKsS-rkCCaU0eGX_sfv8AsVKDs3a7Wj2p&index=25&t=599s