БАҚ ҮШІН АҢДАТПА

Ағымдағы жылдың 22-26 шілдесінде Құқық қорғау органдары академиясында есірткі қылмыстылығынан алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) жағдайларына ведомствоаралық әрекет ету бойынша симуляциялық жаттығу өтеді.

Іс-шара ОАӨАҮО, ІІМ және ҚМК-мен бірлесіп, ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің және Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен өткізіледі.

Тренингтің қатысушылары – прокуратура, ІІМ, ҚМК және ОАӨАҮО өкілдері, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және т. б. халықаралық сарапшылары.

Тренингтің басты мақсаты-есірткі қылмыстарын тергеу кезінде уәкілетті құрылымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын нығайту және тәжірибе алмасу.

Өткізу орны: Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16, Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы.

Іс-шараның ашылуы-22 шілде сағ. 9.30-да

Іс-шараны жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Журналистер сарапшылар мен тренингтің қатысушыларынан – халықаралық ұйымдардың өкілдерінен, түрлі ведомстволардың қызметкерлерінен сұхбат алуға, есірткі заттарын сақтау мен өткізу көрсетілертін жаттығуларды өткізу орындарына баруға мүмкіндік алады.

Есірткі сатушыларды басып алу, есірткі заттарын іздеу және алу жөніндегі жедел – тергеу әрекеттерін имитациялау ағымдағы жылдың 22 шілдесінде сағат 14:20-да өтеді.

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде оқу жаттығулары аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қазіргі судьясының қатысуымен сот процесі өтеді.

Аккредиттеу мына электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: 7171229@prokuror.kz, akairidenovna@gmail.com (Айгерім Абитаева).

Журналистердің деректерін (аты-жөні, БАҚ атауы, аппаратура тізімі, автокөлік маркасы мен нөмірі) ұсынуды сұраймыз.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 87756664399 (Асқар Ғалиасқаров), 87024820595 (Айгерім Абитаева), 87013772717 (Рахматулла Балашов).