Белорусь және Өзбекстанның бас прокуратуралары өкілдерінің Құқық қорғау органдары академиясына сапары

Ағымдағы жылдың 23-шілдесінде Құқық қорғау органдарының академиясына Белорусияның Бас прокуратурасының бөлімше басшысы Олег Хлыщенко мен Игорь Грейбо, сондай-ақ Өзбекстаннан Рустам Гиясов пен Дмитрий Огай келді.

Іссапар барысында делегация өкілдері Академия қызметінің негізгі бағыттарымен, инфрақұрылымы мен танысты және есірткі қылмысына байланысты кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл бойынша өткізіліп жатқан симуляциялық тренингке қатысты.

Қонақтар Академияның бірегейлігін атап өтті және Қазақстан мен ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарына жоғары баға берді.

Көршілес мемлекеттердің әріптестері Қазақстанға Бас прокуратура ұйымдастырған шетелден активтерді қайтару жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін келді.