Баспасөз анонсы

2019 жылы 27 тамызда Нұр-сұлтанда«Қаржылық қылмыстар және ұрланған активтерді қайтару» тақырыбында практикалық семинар басталды.

Оқуға судьялар, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу және полиция қызметкерлері қатысады.

Іс-шараны Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетімен бірлесе отырып, ЕҚЫҰ-ның Нұр-сұлтан қаласындағы кеңсесінің және Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Сарапшылардың бағалауына сәйкес, әлемдегі жыл сайынғы ақша жылыстату көлемі шамамен 2 трлн. АҚШ доллары.

Оның ішінде тек 10%-ы ғана тазартылады және алынған заңсыз табыстың 1%-ы ғана тәркіленеді.

Осы проблеманы шешудің бірі қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру бойынша бірлескен жұмыс болып табылады.

Семинар практикалық сипатқа ие, үкім шығаруға дейін тергеу процесін имитациялаумен нақты кейстерді қарауды көздейді.

Тыңдаушылар ақшаны жылыстату тұжырымдамалары мен схемаларымен, төлем жүйелерінің жұмысымен танысады, банк секторындағы ішкі тергеу ерекшеліктерін зерделейді.

Криптондық валюта мен «Даркнет»желісін кірістерді жылыстату құралы ретінде пайдалану әдістері көрсетіледі.

Халықаралық сарапшылар рөлінде Йехуда Шаффер (Израиль) және Аурелиус Гутаускас (Литва) тәжірибелі практиктеріболады.

Іс-шара ағымдағы жылдың 29 тамызына дейін жалғасады.

Семинардың қорытынды бөлімін жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Журналистер сарапшылар мен тренинг қатысушыларынан сұхбат алу мүмкіндігіне ие болады.

Өткізу уақыты мен орны: 29 тамыз 2019 жыл, сағат 16: 45, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа көшесі, 4, «Radisson SAS Hotel».

Электрондық мекенжай бойынша аккредиттеу 7171246@prokuror.kz байланыс телефоны 8-775-666-43-99 (Асқар Ғалиасқаров).