Құқық қорғау органдары академиясында профильді магистратураға алғашқы қабылдау өтті

Төрт жыл ішінде Құқық қорғау органдары академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша құқық қорғау органдарының 118 қызметкері оқуды сәтті аяқтады.

Оның 105-і магистратура, 13-і докторантура бағдарламалары бойынша.

Тағы 109 магистрант және докторант оқуын жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың қабылдау науқанының қорытындысы бойынша магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құқық қорғау блогының тағы 50 қызметкері (тиісінше 40 және 10) түсті.

Академия тарихында алғаш рет бейіндік магистратураға қабылдау өтті, оқу мерзімі 1 жылды құрайды.

Ғылыми-педагогикалық бейіндегі магистратурада оқу үшін 2 жыл талап етіледі.

Магистранттар мен докторанттарға жоғары сапалы білім алу мүмкіндігімен қатар басқа да жағдайлар жасалған.

Оқу мемлекет есебінен жүргізіледі.

Келіп түскен қызметкерлер – соңғы лауазымы бойынша еңбекақыдан 70% стипендия ретінде алады және сыныптық шені немесе арнайы атағы үшін қосымша ақы алады.

Оқу кезеңіндеі құқық қорғау қызметіндегі бір жыл бір жарым жылғы еңбек өтілі ретінде есептеледі.

Сондай-ақ Академия түлектеріне жоғары тұрған лауазымға резервке тұруға кепілдік беріледі.

Аталғандар Академияның білім алушыларының кәсіби және мансаптық өсуіне нақты мүмкіндіктер ұсынады.