Қақтығыстарды басқару дағдыларын табысты меңгеру үшін

Құқық қорғау органдары академиясында облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметкерлері үшін «Жанжалдар. Нейролингвистикалық бағдарламалау және оның қолданылуын қадағалау жұмысы» тақырыбында курс аяқталды.

Оқыту іс-шарасын өткізудің өзектілігі қазіргі заман талаптарына байланысты, прокурорлар қақтығыстарды басқару дағдыларын жоғары деңгейде меңгеруі, азаматтардың түрлі категорияларымен тиімді коммуникацияларды құру, келіссөздер процесін жүргізе білуі және дағдарыстық жағдайларда сындарлы шешімдер қабылдай білуі тиіс.

Дәріскерлер ретінде Нұр-Ссұлтан қалалық Полиция департаментінің Жедел әрекет ету арнайы жасағының психолог – суицидолог, психолог-келіссөзшісі, сондай-ақ Академияның тәжірибелі оқытушылары сөз сөйледі.

Мамандар тыңдаушыларды қазіргі дағдарыстық коммуникациялардың даму үрдістерімен, келіссөздер жүргізу тактикасы мен тәсілдерімен таныстырды, төтенше жағдайларда жұмыс істеу дағдыларына үйретті.

Курс соңында дөңгелек үстелде өзекті тақырыптық мәселелер талқыланды.