Жаңа бастаған прокурорларға арналған курстар

Прокуратура қызметкерлерінің кезекті арнайы алғашқы оқыту курстары Академияда ашылды.

Оқыту жас мамандардың жалпы салалық, жазбаша, коммуникативтік, ақпараттық және кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

​Оқу бағдарламасы құқық қолдану тәжірибесінің қажеттіліктеріне, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы жаңартуға байланысты әзірленді.

Курстың жеке модульдері жеке даму мәселелеріне арналған, оның аясында тәжірибелі сарапшылар Шешендік шеберлік, көшбасшылық және басқа да жеке қасиеттерді дамыту бойынша тренингтер өткізеді.

Курсты Академияның оқытушылары өткізеді.

Оқыту форматы практикалық бағдарлауды және қадағалау жұмысының қажетті білімі мен дағдыларын барынша меңгеруді қамтамасыз етуге арналған.