Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған конференцияға қатысты

Кеше Көкшетау қаласында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: өткені, бүгіні, болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – егемендікті, азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани-мәдени құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстанның конституциялық жүйесінің негіздерін белгілейтін конституциялық нормалар мен қағидалардың ерекшеліктерін ашу.

Конференцияға Конституциялық Кеңестің, Құқық қорғау органдары академиясының, прокуратураның, соттардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ғалым-заңгерлер мен тәжірибелік заңгерлер қатысты.

Академия басшысы өзінің құттықтау сөзінде Негізгі Заңның егеменді мемлекет құрудағы ерекше рөлін атап өтті. «Кез-келген мемлекеттің құқықтық жүйесінде Конституция әрдайым жетекші орын алады, өйткені ол елдің қоғамдық-саяси жүйесінің маңызды қағидаттарын өзінің ажырамас түрінде біріктіреді.

Жалпыұлттық референдумда қабылданған Конституциямыз мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің берік негізін қалады », – деді ол.

Сондай-ақ, біліктілікті арттыру институтының доценті Жанар Сейтаева Академия атынан сөз сөйледі, оның баяндамасы «Қазақстан Республикасындағы конституциялық құқықтық сананы қалыптастыру заңдылықтың сақталуының кепілі ретінде» тақырыбындағы баяндамасы конференция қатысушылары арасында оң пікірге ие болды.

Организаторами мероприятия выступили прокуратура Акмолинской области и Кокшетауский университет им. А.Мырзахметова.

Іс-шараны Ақмола облысының прокуратурасы мен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті ұйымдастырды.