Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Келісім нәтижелі кәсіби байланыстарды орнатуға, Балалардың құқықтарын қорғау бойынша бірлескен күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді.
Белгіленген мақсаттарды іске асыру және инновациялық академиялық әлеуетті тиімді пайдалану үшін бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу іс-шаралары жүргізілетін болады, өзара іс-қимылдың әр түрлі нысандары пайдаланылатын болады, тәжірибе мен ақпаратпен үнемі алмасу жолға қойылады.
Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде құқық қолдану практикасы және заңнамалық реттеу мәселелері бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу үшін бірлескен авторлық ұжымдар құрылатын болады.
Меморандумға қол қоюдың маңыздылығын атап өтіп, тараптар келісім-шарт құқықтық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға елеулі серпін беретініне сенім білдірді.