Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстандағы Француз Республикасының Елшілігінің қолдауымен Францияның сот органдары мен ENM ұлттық сот төрелігі мектебінің өкілдерімен жоғары оқу орны басшылығының кездесуі өтті.
Қонақтарды қарсы алып, Академия проректоры Гүлнар Шушикова ЖОО қызметінің негізгі бағыттары, ғылыми-білім беру қызметінің нәтижелері, одан әрі даму перспективалары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ француз әріптестеріне оқу орнының қалыптасуының стратегиялық міндеттерін іске асыруға қолдау көрсеткені және көмектескені үшін алғыс айтты.
Кездесу барысында тараптар білім беру мекемелерінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің ортақтығын атап өтіп, өзара тиімді әріптестікті жолға қоюға қызығушылық білдірді. Прокурорлық қызметкерлерді іріктеу, дайындау және біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Француз делегациясының басшысы Перо Валерип алғыс айтып, ENM ұлттық сот төрелігі мектебінің академиялық құрамын және басқа да француз сарапшыларын Академияның білім беру бағдарламаларын іске асыруға қатысуға тартуға көмектесуге дайын екендігін білдірді.
Одан кейін қонақтар үшін Академия ғимараты бойынша курстар ұйымдастырылды.
Кездесу достық және сындарлы атмосферада өтті және екіжақты қарым-қатынастардың оң динамикасын нығайтуға мүмкіндік берді. Кездесуге қатысушылар өзара іс-қимыл саласын одан әрі дамыту мен кеңейтуге, динамикалық уағдаластықтарды табысты іске асыруға мүдделілігін растады.