Келіссөздер процесі мен қақтығыстарды басқару бойынша бес күндік симуляциялық тренинг басталды

Құқық қорғау органдары қызметінің практикасына қылмыстың алдын алу мақсатында, адамдардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және басқа да құндылықтарды сақтау үшін келіссөздер кіреді.

Келіссөздер жүргізу тұрақты тренингтермен оқытуларға қол жеткізетін қызметкерлерден жоғары кәсіпқойлықты талапетеді.

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Құқыққорғау органдары академиясының базасында прокуратура, полиция және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері үшін келіссөздер жүргізу және қақтығыстарды басқару мәселелері бойынша симуляциялық семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Оқыту іс-шарасы ҚазақстанРеспубликасындағы Израиль Елшілігінің жәнеНұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылып, өткен жылдың шілде айында өткізілген осындай іс-шараға қатысушылардың ұсынысы бойынша өткізіледі.

Сарапшылар ретінде Израильдің құқық қорғау қызметінің өкілдері сөз сөйлейді, олардағдарысты жағдай кезінде келіссөздер процесін жүргізуде үлкен тәжірибесі бар.

Білім беру іс-шарасы барысында келіссөздерді табысты жүргізу тәсілдерін, критерийлерін, міндеттері мен тактикасын зерделеу, сондай-ақ дағдарыстық жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау дағдыларын қарастыру жоспарлануда.

Тренингтің бір күні практикалық жаттығу түрінде өткізіледі, онда арнайы және құқыққорғау органдарының қызметкерлері нақты мысалда келіссөз үдерісін жүргізуді көруге бірегей мүмкіндік алады, сол арқылы нақты ортаға түсіріледі.

Сонымен қатар, тыңдаушылардың өздері рөлдік ойындарға қатысады және келіссөз жүргізуші рөлінде болуға мүмкіндік алады.

Іс-шара 2019 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады.