Қырғыз Республикасының ІІМ Академиясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2019 жылғы 1-қазанда Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен генерал-майор Алиев Эргеш Алиевичтің атындағы Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі академиясының арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Келісім екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы қарым-қатынас түрлерін кеңейтуге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлауда, қайта даярлауда және біліктілігін арттыруда күш-жігер мен ресурстарды біріктіруге мүмкіндік береді.

Меморандумға қол қойылғаннан кейін тараптар кадрларды дайындау, ортақ негізгі және қолданбалы зерттеулерді қоса алғанда ғылыми-зерттеу қызметін дамыту сұрақтарын, әрі қарай ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.