Академияда «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылды

Құқық қорғау органдары академиясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына дайындық аясында ЖОО қызметкерлері арасында «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шара ақын шығармашылығын насихаттау, сондай-ақ прокуратура органдарында қазақ тілінің мәртебесін арттыру мақсатында өткізілді.

Байқау екі номинация бойынша өткізілді: «Абай өлеңдері» және «Абай әндері».

Қазылар алқасының мүшелері дикция, дұрыс айтылу және шығармалардың орындалу мәнерін бағалады.