2019 жылдың 14-қазанында Қарағанды қаласында адам саудасына қарсы күрес бойынша халықаралық симуляциялық жаттығу басталды.
Жаттығуды Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясымен бірге, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің, Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің және БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
Тренингтің басты мақсаты-зардап шеккендерге дер кезінде анықтау және көмек көрсету, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін адам саудасының нақты жағдайларына ведомствоаралық ден қою жүйесін жетілдіру.
Оқытудан құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері өтеді. Тренинг жұмысына барлығы 80-нен астам адам қатысады.
Бүгінгі күні Адам саудасы-бұл қылмыстық бизнестің тиімді нысандарының бірі.
Жаһандық құлдық индексіне сәйкес бүкіл әлем бойынша шамамен 40 млн. адам құлдықта. Қазақстан 2017 жылы 167 елден 83 орынға орналасты (75 мың адам).
Жыл сайын елімізде еңбек құлдығынан жүзден астам адам құтқарылды.
2017 жылдан бастап Ішкі істер органдары адам саудасымен байланысты 250-ден астам қылмыстық іс қозғады. Тәуекел тобында негізінен әйелдер мен балалар.
ФАТФ есебіне сәйкес, адам саудасынан түскен заңсыз табыс жыл сайын әлемде 150 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Тренинг 2019 жылдың 18 қазанына дейін жалғасады.
Шараның күн сайын жариялануы құқық қорғау органдары академиясының ресми парақтары Instagram (academy_gp.kz) және Facebook (academygp) әлеуметтік желілерінде жарияланады.